
 
|  Главная /
Объявления 
16.05.2018 «VIII поэтика және өлеңтану мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы 
 2018 жылдың 24-26 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына байланысты «VIII поэтика және өлеңтану мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді. 
 Конференцияның пленарлық отырысы 24 мамыр күні, сағат 10:30-да Достық даңғылы 13, Университеттің Бас ғимаратының 202 аудиториясында өтеді. 
 Келесі секциялар бойынша жұмыс жоспарланған: 1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Филология ғылымдары: дәстүр мен қазіргі заман 2. Поэтика мен заманауи әдебиеттанудың өзекті мәселелері 3. Поэтикалық текст және өлеңтану дәстүрлері 4. Заманауи лингвистика: теоретикалық және қолданбалы аспектілері 5. Мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы филологиялық пәндердерді оқытудағы ғылыми - методикалық мәселелер 
 Конференцияның өту тілдері - орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі. 
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты халықаралық ғылыми-теоретикалық конференцияға ғалымдар мен оқытушыларды, мектептер мен мамандырылған орта оқу орындарының ұстаздарын, докторанттар, магистранттар мен студенттерді шақырады. 
 Қосымша ақпаратты келесі мекен - жай бойынша біле аласыз: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы 13, филология және көптілді білім беру институты, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, 316 кабинет. 
 Кафедра меңгерушісі, профессор Сәуле Жүнісқызы Әбішева, тел.:+ 7 701 407 00 55, доцент Мадина Кабуловна Абаева, тел.: +7 701 382 05 34, лаборант Мадина Молдагали, тел.: +7 775 188 84 79. 
 
 Филология және көптілді білім беру институты, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 
 |