қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
26.02.2018


Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!


ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Перпиньян Виа Домитья Университеті (Франция) Эразмус+ ұтқырлық стипендиялық бағдарламасына: Әлеуметтік саладағы басқару және экономика, Құқық, Экономика және менеджмент бағыттары, әртүрлі салаларда Менеджмент және т.б. мамандықтар бойынша қатысуға ниет білдірушілерді шақырады.

 

Эразмус+ ұтқырлық стипендиялық бағдарламасына бакалавриат және магистратура студенттері, қызметкерлер қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 20 ақпанынан 8 сәуірге дейін

 

Студенттердің қатысу шарттары:

- Француз тілінен емтихан тапсырылғаны туралы куәліктің (DELF B2 / TCF B2) болуы

- Оқу мерзімі: 9 ай

 

Толық ақпаратпен Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

 

 

Сондай-ақ, шәкіртақы, үміткерлерді іріктеу және таңдау шарттары туралы қосымша ақпараттармен қатар, француз және ағылшын тілдеріндегі үміткерлерге арналған нұсқаулық сайттың «жауапты тұлғалардан» оң жағында орналасқан.


Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 08.04.2018ж. (қоса алғанда)

 

Қосымша ақпаратты 8 727 291 36 92 телефон нөміріне байланысу арқылы, 205 кабинет, №1 оқу ғимараты, Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінен алуға болады.