Главная
Новости
05.01.2020 Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына қол қойды
Фото: egemen.kz
Заң педагог мәртебесін айқындайды және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейді.
Заң жобасын әзірлеудің негізгі идеясы - мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау, педагог мәртебесін арттыру, оларды ынталандыру, мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату арқылы өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа мүмкіндік беру.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңда мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жалақысын өсіру, еңбек демалысын ұлғайту, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар қамтылған.
Бұл Заң өңірлердің әкімдеріне бюджет мүмкіндігіне қарай мұғалімдерге материалдық көмек көрсету мәселесін өздігінен шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі елдің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні күшіне енген жаңа салалық заңның орындалуын тікелей қадағалайтын болады.
«Педагог мәртебесі туралы» Заң |