қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.12.2019

 

 

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!


Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміз барлық салада үлкен жетістіктерге жетті. Біз өз елімізбен бірге өсіп келеміз. Біздің жолымыз - бірлік пен келісім жолы. Бұл құндылықтарды сақтау және нығайту оңай жұмыс емес. Ол еліміздің барлық азаматтарынан парасаттылық пен әдептілік, өзара құрметті талап етеді.


Білім және ғылым елдің әлеуметтік-экономикалық капиталын дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Біздің міндетіміз - жастарды заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті сапалы білім мен дағдылармен қамтамасыз ету.


Бұл күні сіздерге мықты денсаулық, өркендеу және тұрақтылық тілеймін! Жанұяларыңызда әрдайым бейбітшілік, келісім мен сүйіспеншілік орнасын!

 

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев