қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.09.2025

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫНЫҢ САРАПШЫСЫ КЛЕЯ ФЕРНАНДЕС ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық декандарына, декан орынбасарларына, барлық департаменттердің директорлары мен қызметкерлеріне, кафедра меңгерушілеріне, ментор-зерттеушілерге, барлық профессорлық-оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистранттарға!


2025 жылғы 25 қыркүйек күні, сағат 10.00-де, кіші конференц-залда (202-ауд.) ЮНЕСКО кафедрасының Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығының ұйымдастыруымен «Практикаға бағытталған зерттеулер негізінде білім сапасын арттыру: Lesson Study және Action Research тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізіледі.


Семинардың негізгі спикері - білім беру психологиясы саласының халықаралық сарапшысы, кадрлардың үздіксіз және жүйелі кәсіби дамуы арқылы оқыту сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалардың авторы, оқытушылар мен әкімшілікке арналған кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеуші, «Lesson Study: Математиканы оқыту мен үйретуді жетілдірудің жапондық тәсілі» атты кітаптың авторы, мұғалімдерді кәсіби дамыту бойынша көптеген халықаралық бағдарламаларының қатысушысы доктор Клеа Фернандез.


Баршаңызды білім беру сапасын арттыру мақсатында өзекті мәселелерді талқылау мен инновацияларды интеграциялау бойынша белсенді әрі кәсіби диалогқа шақырамыз.

 

 

  alt=