қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.09.2025

 «Абай университетінде «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді


Құрметті Абай университетінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары!

 

Жыл сайын 22 қыркүйекте әлем бойынша «Дүниежүзілік көліксіз жүру күні» (World Car Free Day) аталып өтеді. Акцияның мақсаты - ТДМ принциптеріне адалдықты көрсету және World Carfree Day халықаралық бастамасын қолдау, сонымен қатар экологиялық таза көлік түрлерін насихаттау, қоғамдық көлікті пайдаланудың экологиялық пайдасын, жаяу және велосипедпен жүрудің денсаулыққа тигізетін әсерін түсіндіру.

 

Осыған орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Дүниежүзілік көліксіз күн» акциясы 22 қыркүйек күні, дүйсенбіде өткізіледі.

 

Акцияны ұйымдастырушылар барлық университет қауымдастығын жеке автокөлікті пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен, велосипедпен, самокатпен немесе жаяу қатынауға шақырады.

 

Abai University мен қаламыздың экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігіне бірге үлес қосайық!


Стратегия департаменті