
  
Main /
Announcements
12.11.2024 Бос жұмыс орны: Цифрландыру бөлімінің басшысы 
  
 Бос лауазымның атауы: Цифрландыру бөлімінің   басшысы Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:   - бөлімді басқарумен   жүзеге асырады; - бекітілген   бизнес-процестерге сәйкес ақпараттық жүйелердің жұмысын толық қамтамасыз ету   және осы жүйелерді пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі   жұмысты үйлестіреді; -оқытушылардың, студенттердің, әкімшілік және оқу-көмекші персоналдың   цифрлық құралдар мен сервистерге қажеттіліктерін анықтайды; -"Абай   атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ даму   стратегиясына, цифрлық трансформация стратегиясына және қызметкерлердің   қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді   және цифрлық сервистерді әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлеуге   қатысады; - Ақпараттық   жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге техникалық тапсырмалар   бойынша орындалған жұмыстарды қабылдайды; - қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді,   нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді; - басқармада   белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен   стандарттардың сақталуын қадағалайды; - басқарма   қызметкерлерінің ғылыми-техникалық білімін арттыру бойынша жұмысты   ұйымдастырады; - әдістемелік   және техникалық құралдарды дамыту және қолдау есебінен цифрландыруды   басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасайды; - басқарудың   кадрлық әлеуетін қалыптастырады және дамытады; - цифрландыру   жөніндегі проректор мен университет басшылығының алдына қойылған   тапсырмалардың орындалуын жүзеге асырады және бақылайды; - Басқарманың   ұйымдастырушылық, техникалық, әдістемелік және өзге де құжаттарын әзірлеу   және жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; - басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарларын   жасайды; - басқарманың жұмысы бойынша жыл сайынғы   есепті, сондай-ақ цифрландыру жөніндегі проректордың және университет   басшылығының нақты тапсырмалары бойынша есептерді дайындайды. Негізгі лауазымдық міндеттері:   - еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы   лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау; - атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Басқарма   бастығының тапсырмаларын (алған міндеттерін) уақтылы және адал орындау; - міндеттерді тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін,   өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру; - құзыреті шеңберінде Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау; - жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау; - жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс   беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған   жағдай туралы, - сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлау; - жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғау   құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану; - Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі   болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны   құрайтын мәліметтерді жария етпеу; - еңбек тәртібін, сондай-ақ жұмыс орнындағы еңбек   қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария   жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау; - атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер   шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және   Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді   орындауға міндетті. Іссапарларға шығу: Қажетіне қарай ішінара іссапар Білім: ақпараттық   технологиялар, компьютер ғылымдары немесе сабақтас пәндер саласы жоғары білім Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары) ақпараттандыру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл,   барынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кәсіби құзыреттер:   бұлтты қызметтерді, үлкен деректерді, жасанды   интеллектті қоса алғанда, цифрландырудың заманауи технологияларын түсіну; білім беру, ақпараттық қауіпсіздік және   ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы нормативтік-құқықтық   базаны білген жөн. Тұлғалық құзыреттер мен сапалар: тамаша қарым-қатынас дағдылары, командада жұмыс істеу   және келіссөздер жүргізу қабілеті; көшбасшылық қасиеттер, стратегиялық ойлау, нәтижеге   бағдарлану Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат   меңгеруі тиіс тілдердің тізімі) Қазақ, орыс тілдерін меңгеру Компьютерлік дағдылар: MS Windows, MS Office/XP 2000, 2003,2007/ (MS Word,   MS Excel, MS Outlook), Internet, өнімді басқару негіздерін білу (бағдарламалық   қамтамасыз етуді әзірлеудегі икемді тәсілдер, customer development, гемба   және т. б Түйіндемені тапсыру мерзімі: Байланыс тұлғасы: Кадр саясаты басқармасы +7 (727) 291-82-57  |