қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.08.2023

Құрметті студенттер!

 

1 курс бакалавриат және магистратура білім алушылары үшін бағдарлау апталығы 2023 жылғы 28 тамыз бен 04 қыркүйек аралығында өтеді. Бағдарлау апталығында Сіздер профессор-оқытушылар құрамымен, кампуспен, жатақханаға орналасу тәртібімен танысасыздар.

 

2, 3, 4 және 5 курс бакалавриат, 2 курс магистранттар және 2, 3 курс докторантура білім алушылары үшін бағдарлау апталығы 2023 жылғы 21 - 26 тамыз аралығында өтеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, 1, 4, 5 курстарға оқу 2023 жылдың 4 қыркүйегінде дәстүрлі форматта басталады. 2, 3 курс студенттері үшін 2023 жылдың 4 - 16 қыркүйек аралығында оқу онлайн форматта басталады, ал 18 қыркүйектен бастап дәстүрлі (офлайн) түрде жалғасады.