қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
09.02.2023

Өнер, мәдениет және спорт институтында халықаралық онлайн/офлайн ғылыми-практикалық конференция өтеді

 

2023 жылғы 12 сәуірде Өнер, мәдениет және спорт институты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына арналған «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы инновациялық үрдістердің даму жүйесі» тақырыбында халықаралық онлайн/офлайн ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


Конференция «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» тақырыптары бойынша қазіргі уақыттағы саланың негізгі проблемаларын және оларды шешу жолдарын, инновациялық ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ осы пәндер бойынша әлемдік салалардың оқыту процесі мен пәнаралық байланыстарын талқылайды.


Бағдарлама:
- Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00 - 10.00.

- Басталу уақыты мен аяқталуы: сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

- Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ - ТЕГІН.