қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.06.2018

Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына арналған конференция

 

2018 жылдың 30 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы-ғалым, республикамыздың ең алғашқы жоғары оқу орнының негізін қалаушылардың бірі Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті. Конференцияны Тарих және құқық институты мен М. Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығы ұйымдастырды.

 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген конференция жұмысына университеттің оқытушы-профессорлар ұжымы, студенттер, магистранттар және докторанттары, сондай-ақ қаладағы зиялы қауым өкілдері, арнайы шақырылған қонақтар қатынасты.


Пленарлық мәжілістің модераторы Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов болды.

 

Конференцияны кіріспе сөзбен Университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева ашты.

 

Халел Досмұхамедовтың өмір жолы, азаматтық ұстанымы және еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнын ұйымдастыру ісіндегі тарихи тұлғаның рөлі жөнінде академик Мәмбет Қойгелдиев баяндама жасады. Дәрігерлік қызметі жөнінде, сондай-ақ ағартушылық қызметіне байланысты медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Хабижанов, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес өз ойларымен бөлісті.

 

Конференция барысында Халел Досмұхамедовтың «Арыс» баспасынан жарық көрген, үш томнан тұратын еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті.

 

         

 

         

 

         

 

        

 

Тарих және құқық институты