![]()
17.09.2025 ABAI UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ЖАҢА ФОРМАЦИЯ КӨШБАСШЫЛАРЫН ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА Қазақстан Республикасы ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы аясында "Директор - жаңа формация көшбасшысы" біліктілікті арттыру курсының модульдік бағдарламасы онлайн форматта жалғасуда. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен (ЖТН АР 23488334) жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп басшылары, жаңадан бастаған басшылары және университеттің бітіруші курс студенттері үшін "Директор - жаңа формация көшбасшысы" біліктілікті арттыру курсының модульдік бағдарламасы жаңа оқу жылында онлайн форматта жалғастырылды. Жобаны әзірлеушілер қатарында Ш. Колумбаева, М. Абсатова, Ш. Нұрланов және А.Ноғаева бар.
Бекітілген бағдарлама аясында әрбір модульдің өзіндік ерекшелігі қарастырылған. Бірінші модуль мектеп басшыларының көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталса, екінші және үшінші модульдер инновациялық мәдениет пен цифрлық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған. Ал төртінші модуль педагог-менеджерлердің кәсіби өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Модульдік бағдарламаның тыңдаушылары цифрлық трансформация жағдайында білім берудегі инновацияларды меңгеру мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, бағдарлама тиімді әрі өзекті екендігін атап өтті.
|