![]()
15.09.2025 Ғылыми тәжірибе алмасу: Abai University ғалымдары Ұлыбританияда 4-13 қыркүйек аралығында Abai University ғалымдары: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Улжаркын Абдигапбарова және PhD Мадина Молдагали Ұлыбританияда тәжірибе алмасу бағдарламасынан өтті. Бұл ғылыми іс-сапар ҚР ҒжЖБ ҒК BR21882318 «Жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін "online community"-де қалыптастыру жүйесін кастомизациялау» бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылды. Іс-сапар барысында олар екі ірі халықаралық конференцияға белсенді қатысты. Бірінщіден, researchED - National Education Conference (Лондон), мұнда мектептер,де университеттерде және басқа да білім беру ұйымдарында білім беруді дамыту мәселесіне арналған 20-дан астам секция жұмыс істеді. Екіншіден, EduCon - London Education Conference, мұнда зерттеушілер "Formation of the digital etiquette of teachers and students in the "online community " of the university" тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға Қазақстан, Жапония, Тайвань, Германия, Ұлыбритания, Уганда, Гана, Түркия және тағы басқа елдердің ғалымдары қатысты.
|