қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.09.2025

ӘДЕБИЕТ ПЕН ТАРИХ КЕЗДЕСКЕН ӨҢІР: ӘЛІБЕК БАЙБОЛДЫҢ ТБИЛИСИДЕГІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан жазушыларының ТМД елдері архивтеріндегі зерттеу жұмыстары» жобасы аясында белгілі жазушы, әдебиеттанушы, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Әлібек Байбол 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Тбилиси қаласына арнайы ғылыми-ізденіс сапарымен аттанды.

 

Әлібек Уәлиханұлы бұл сапар барысында 1930-1935 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы әдеби-мәдени байланыстарға қатысты құнды деректерді анықтауды мақсат тұтты. Ол Грузия ұлттық кітапханасында, Грузия ұлттық архивінде, сондай-ақ Грузияның ғылыми-анықтамалық кітапханасы мен Орталық мемлекеттік Әдебиет және өнер архивінде және кинофотофоноқұжаттар архивінде тың тарихи материалдармен жұмыс жүргізуде.

 

Бұл зерттеу жобасы кеңестік кезеңдегі қазақ және грузин зиялылары арасындағы шығармашылық, мәдени ықпалдастықты жаңаша пайымдауға, бүгінгі әдебиеттануға тың серпін беруге негіз болады деп күтілуде.

 

Әріптесіміздің бастамасына сәттілік тілейміз, еңбегі жемісті болсын!

 

 

  alt=  

 

 

  alt=