қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
11.09.2025

Жас зерттеушілердің ғылыми әзірлемесі қалалық жобаға енгізілмек


Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ғылым және технология жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Студенттер мен жас зерттеушілердің ғылыми әзірлемелері қалалық жобаларға енгізіледі. Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ғылым және технология жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.


Ол - ресми құрылым емес, игі бастамалар туып, қала өміріне оң әсер ететін шешімдер табылатын алаң. Кеңес ғылымды қолдап қана қоймай, жоғары оқу орындарындағы жобаларды тәжірибеге енгізуге бағытталады. Басты мақсат - студенттер мен жас зерттеушілерді тартып, олардың идеялары мен әзірлемелерін Алматының тұрақты дамуына пайдалану.

 

«Алматы қаласы әкімдігінің жанынан ғылым және технология жөніндегі кеңес құрылып жатыр. Бұл өте құптарлық жайт деп ойлаймын. Алматы биыл Түркі әлемінің астанасы атанып отыр. Сол себептен кез келген әлеуметтік, экономикалық эффект беретін барлық жобалардың ғылыми негізі болуы керек, бұл халықаралық тәжірибеде бар», - деді Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Ертай Сұлтанұлы.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды алдағы уақытта басым бағыттар бойынша техникалық тапсырма мен бюджеттік бағдарлама әзірленетінін атап өтті. Шаһар басшысының сөзінше, мұндай кеңестің құрылуы - университеттер мен қалалық жобалар арасындағы байланысты нығайтуға бастайтын игі қадам.

 

«Талқылап, шешімін берсеңіздер. Сол шешімге қарай қаржыландыруға мүмкіндігіміз бар. Нақты Алматы қаласының проблемасын шешу үшін қаржы салуға дайынбыз», - деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

 

 

 

  alt=  


  alt=