![]()
05.09.2025 SciVal ғылыми-аналитикалық платформасын пайдалану бойынша вебинар өтті 2025 жылғы 4 қыркүйекте Ғылым департаменті SciVal ғылыми-аналитикалық платформасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында вебинар ұйымдастырды. SciVal — ғылыми зерттеулерді жан-жақты талдауға, жобаларды жоспарлауға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жарияланымдардың сапасын бағалауға арналған заманауи аналитикалық платформа болып табылады. Вебинар спикері — Informascope компаниясының кеңесшісі, сарапшы Рабиға Хожамқұл болды. Ол платформаның негізгі функциялары мен ғылыми қызметті тиімді жүргізудегі артықшылықтарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Іс-шараға Математика, физика және информатика факультеті мен Педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысты. Қатысушылар SciVal платформасының көмегімен ғылыми жобаларды жоспарлау, өзекті зерттеу бағыттарын анықтау, мақала жазу стратегияларын жетілдіру және ғылыми журналдардың беделін бағалау бойынша практикалық білімдер алды. Аталған вебинар университеттің ғылыми әлеуетін көтеруге және оның халықаралық ғылыми рейтингтердегі орны мен беделін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.
|