қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.09.2025

 Жаңа оқу жылы салтанатты іс-шарамен басталды


2025 жылғы 2 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүрлі Білім күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Жиынды университеттің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ашып, студенттер мен оқытушылар құрамын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол өз сөзінде білім алушыларға сәттілік тілеп, еліміздің болашағы - жастарға сенім білдірді.

 

Салтанатты шараға университет ардагерлері де қатысып, ақ тілектерін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Айтқұлұлы қасиетті білім ордасының табалдырығын жаңадан атаған 1-курс студенттеріне ақ батасын берді.

 

Шара аясында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы да жалғасын тапты. Бұл игі дәстүр бойынша, университет Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің ұсынысымен және кәсіподақ ұйымының қолдауымен Медеу ауданындағы мектеп оқушыларына білім алуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

 

Салтанатты жиын соңы университеттің шығармашыл студенттері ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш барысында жас өнерпаздар ән шырқап, би билеп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=