қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.06.2025

Абай университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

 

Университетте өткізіліп жатқан, «Жазғы мектеп» аясында, 2025 жылдың 18 маусымында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы өзгерістер, «парасаттылықты тексеру әдісі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.


Семинар-кеңес барысында университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Қ. Мәдиев Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы, сондай-ақ «Integrity check» парасаттылығын тексеру әдісін іске асыру туралы айтты.


Іс-шара бағдарламасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының стратегиясын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау мен басқаруды, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи құралдарын қоса алғанда, өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтиды деп атап өтті. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің салдары туралы қатысушылардың әрқайсысына жеке түсіндірді.

 

  alt=