қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.05.2025

Абай университетінде QS WUR халықаралық рейтингіндегі университеттердің нәтижелері талқыланды


2025 жылғы 12 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында QS халықаралық рейтингтік агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбовпен «Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің халықаралық беделін арттыру және QS WUR халықаралық университеттер рейтингіндегі нәтижелері туралы ақпараттандыру» тақырыбында маңызды кездесу өтті.


Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, Басқарма мүшелері - проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, факультет декандары мен декан орынбасарлары, департемент директорлары және кафедра меңгерушілері қатысты.


QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбов Абай атындағы ҚазҰПУ-да «2025 жылға арналған рейтинг циклінің негізгі нәтижелері» тақырыбында дәріс оқыды, ол онда университеттің позициялары мен перспективалары бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар ұсынды.


Сергей Христолюбов өз баяндамасында 2025 жылғы пәндік рейтинг қорытындыларына тоқталып, Абай атындағы ҚазҰПУ «Білім және оқыту» пәндік бағыты бойынша Қазақстан жоғары оқу орындары арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді. Университет осы бағытта әлемдік рейтингте 86-орынды иеленіп, Орталық Азия өңірі мен Қазақстан бойынша 1-орынға тұрақтады.


Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп халықаралық, өңірлік және жергілікті деңгейде білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың маңызды құралы болып табылатын халықаралық рейтингтердің маңыздылығына тоқталды. Ректор сондай-ақ бұл рейтингтердің білім беру сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіруге, жоғары білім беру үдерістерін халықаралық тәжірибемен үйлестіруге және жаһандық трендтерді бақылауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.


Кездесу барысында QS рейтингтері жүйесіндегі әдіснаманың өзекті мәселелері мен университеттің осы рейтингтер аясындағы даму әлеуеті талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=