қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.03.2025

Абай университетінің студенті қол күресінен Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды


2025 жылғы 23-29 наурыз аралығында Тараз қаласында армрестлингтен кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Чемпионатқа Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетіндегі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Қанат Мырзабеков қатысты. 90 келі салмақта сынға түскен студентіміз оң қолдан II орын, сол қолдон III орын, ал жалпы командалық есепте II орынды иеленді.

 

Нәтижесінде Қанат Мырзабеков алдағы өтетін Азия және Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

 

Құттықтаймыз!

  alt=