Main /
Announcements
16.07.2021
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ 2021/2022 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
Типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- профессор лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже, «профессор» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; - доцент/қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кандидаттық немесе философия докторы (Ph.D.) дәрежесі, «доцент»/«қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; - аға оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (Ph.D.) академиялық дәрежесі; - оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе магистр дәрежесі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: ҚазҰПУ-нің қызметкерлері: - Университет Басқарма Төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; - Үміткерлерге арналған сауалнама (электронды форматта);* - Кафедра отырысының шешімі; - Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); - Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); - Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде).
2. Сыртқы үміткерлер: - Университет Басқарма Төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; - Үміткерлерге арналған сауалнама (электронды форматта);* - Жеке куәлік; - Жоғары білім туралы дипломдардың, ғылыми және ғылыми дәрежелердің көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары; - Еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін); - Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; - Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; - Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде тіркелмегендігі туралы анықтама; - Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); - Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде); - Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); - Соңғы жұмыс орнынан мінездеме; - Өмірбаян.
* Үміткерлерге арналған сауалнамасының электронды файлын сақтауға қойылатын талаптар: Үміткердің Тегі_Аты_Кафедрасы_Сауалнама (Аты-жөні жеке куәлік бойынша). Үлгі: Абаев_Абай_Дизайн_Сауалнама. Үміткерлерге арналған сауалнаманы жіберуге арналған электрондық пошта: hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz
Құжаттар тізімге сәйкес толық ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтінішін қабылдаудан бас таруға негіз болып табылады.
2021 жылғы қыркүйектің 1-нен бастап университеттің штаттық оқытушылар құрамының оқу жүктемесі мен жалақысы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын педагогикалық жүктеме мен ең төменгі жалақыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 122 бұйрығына сәйкес белгіленеді (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34291747).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2021 жылғы тамыздың 09-на дейін (қоса алғанда).
Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13, Персоналды басқару бөлімі (каб.№103); сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29
Оқытушының қызметін бағалау бойынша сауалнамасы
ПОҚ бос ауазымына үміткер анкетасы (Анкета толтырудың үлгісі)
ПОҚ бос лауазымына кандидаттың сауалнамасын толтыру бойынша жадынама
|