қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.01.2025

Шетелдік студенттер арасында спорттық жарыс өтті


2025 жылдың 9 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де білім алатын шетелдік студенттер арасында Спартакиада - 2025 спорттық іс-шарасы өткізілді. Арқан тарту, шахмат, стол теннисі және воллейбол ойындары бойынша ұйымдастырылған спартакиадаға 7 команда қатысты. 

Спартакиаданың негізгі мақсаты - университет студенттерінің дене белсенділігі мен спорттық жетістіктерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастырып профессорлық-оқытушылық құрам мүшелері арасындағы қарым қатынасты нығайту.

 

Сайыста Математика, физика және информатика факультетінің студенттері командалық есепте бірінші орынға ие болып, 70 000 (жетпіс мың теңге) қаржылай сыйақымен марапатталды. Екінші орынды Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің студенттері иеленіп, 50 000 (елу мың теңге) қаржылай сыйақымен марапатталды. Ал, үшінші орынды Өнер факультетінің студенттері иеленіп, 30 000 (отыз мың теңге) қаржылай сыйақыға ие болды. Сонымен қатар жарысқа белсенді қатысқаны үшін әр факультет командасы 10 000 (он мың теңге) қаржылай сыйақымен марапатталды.

 

Жүлделі орындарға ие болған командалар арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=