![]()
10.12.2024 «ТМД елдеріндегі педагогикалық университеттер отбасы тәрбиесін қолдау: дәстүрлер, тәжірибе, келешегі» 2024 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «ТМД елдеріндегі педагогикалық университеттер отбасы тәрбиесін қолдау: дәстүрлер, тәжірибе, келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау жөніндегі базалық ұйымы - Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің Қоғамдық кеңесі, педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығы ұйымдастыруымен өтті.
ҚазҰПУ-дың атынан Педагогика және психология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы - п.ғ.д., профессор Аренова А.Х., п.ғ.к., профессор Ақпаева А.Б., п.ғ.д., қауымдастырылған профессор Абитова Г., т.ғ.к Әлімбекова А.А., PhD, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Г.Б., п.ғ.д., профессор Аганина К.Ж., ф.ғ.к. Надирбекова А.О., Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ОӘБК-нің ғылыми хатшысы Асымова Д.Б. қатысты. Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ұлбосын Қияқбаева «Тәжірибе Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті отбасы тәрбиесін қолдау және сүйемелдеу тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында ата-аналармен жұмыс жасаудағы тәжірибе, әдіс-тәсілдер мен инновациялық тәсілдер талқыланды. Бала тәрбиесі, отбасы менталитеті, тәжірибелік-бағдарлы және ғылыми-әдістемелік мазмұнның тепе-теңдігі, педагогикалық университет пен отбасы арасындағы әлеуметтік серіктестік сияқты өзекті тақырыптар қоғалды.Сонымен қатар дамуға бағдарлау, болашақ мұғалімдердің ата-аналармен қарым-қатынасқа дайындығын қамтамасыз ету тәсілдері негізінде өзара әрекеттесу субъектілерінің қиындықтары мен сұраныстарын есепке алу секілді тақырыптар сөз етілді.
|