қазақша · русский · english
   
  Main  News
30.04.2024

Абай университеті ғалымдары Ферғана мемлекеттік университетінде дәріс оқыды

 

«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедраларының оқытушылары Ұлболсын Қыяқбаева, Алмагүл Айтпаева, Адлет Кариев 2024 жылғы 22-27 сәуір аралығында Ферғана мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) «Мектепке дейінгі білім беру» және «Бастауыш оқыту әдістемесі» кафедраларының 2-3 курс студенттеріне «Бастауыш мектептегі педагогика, инновация және интеграция», «Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі әлемдік жүйелері», «Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» пәндері бойынша дәрістер өткізді.

 

Сондай-ақ, оқытушылар Ұ.Қыяқбаева, А.Айтпаева, А.Кариев «Арнайы педагогика мен мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері: проблемалар, шешімдер және даму перспективалары», «Бастауыш білім берудің өзекті мәселелері: проблемалар, шешімдер және даму перспективалары» екі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың пленарлық отырысына қатысты.

 

Ферғана мемлекеттік университетінің басшылары қазақстандық ғалымдардың кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтіп, оларға оқу және ғылыми-әдістемелік процеске белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыстап, ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=