қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.03.2024

STEAM және CLIL оқыту бағдарламасы

 

Абай университетінің Математика, физика және информатика институты информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Финляндияның HAMK университеттерімен және Назарбаев Университетінің JAMK Жоғары білім мектебімен ынтымақтастық аясында «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» келісімшартының шеңберінде мазмұн мен тілді интеграцияланған оқыту (CLIL) әдістемесіне негізделген курсқа STEAM және CLIL оқыту бағдарламасына қатысты.

 

CLIL оқыту бағдарламасы университет оқытушыларының осы пәндердің мазмұнын ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік беретін CLIL тәсілін пайдалана отырып, жаратылыстану-математика пәндерін кіріктіру дағдыларын дамытуға арналған.

 

Бағдарламаны Финляндияның HAMK университеті әзірледі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітті. Іс-шараға Финляндия мен Қазақстанның негізгі сарапшылары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=