Main
News
04.03.2024 «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығыны ашылуы
2024 жылдың 1 наурыз күні «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, № 39 кітапханасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығының ашылуына орай «Алғыс айту парызым» тақырыбында мәдени-танымдық кеш өтті.
Мақсаты: «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығы және «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, № 39 кітапханасымен тығыз кәсіби қарым-қатынас орнатып, өзара бірлескен іс-шаралар ұйымдастырып, мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, мектеп - интернаттар балаларды жан-жақты дамыту, ата-аналарды кәсіби педагогикалық қолдау және сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асыру.
Кеш қонақтары: Алматы қаласы Білім басқармасының «№17 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары және мұғалімдері.
Кешті ұйымдастырушылар: Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., профессор Ұ.Қ.Қыяқбаева, орталық жетекшісі философия докторы (PhD), қауым., профессор А.А. Алимбекова, 6B01801 - Әлеуметтік педагогика мамандығының 3 курс студенттері және № 39 кітапхана директоры Ж.А. Жаксылыкова мен кітапхана ұжымы.
Кешті ұйымдастыру барысында кафедра оқытушылары және студенттер кітапхана қорымен танысып, кітапханаға келуші балалар және олардың ата-аналарының қызығушылықтары туралы түрлі ақпараттар алып, өз-ара тәжірибемен алмасты. Себебі университетіміздің қолдауымен ашылған «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығының мақсаты: балалардың үйлесімді дамуын кәсіби педагогикалық қолдау және сүйемелдеу. Болашақ педагогтердің теориялық білімдерін практикамен байлаыстырып, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
|