
 
|  Main /
Announcements 
14.10.2020 Erasmus+: халықаралық кредиттік мобильділік және Эразмус Мундус бірлескен магистірлік деңгейлер 
 2020 жылдың 15 қазанында Erasmus+ бағдарламасының Халықаралық күндері аясында Erasmus+ бағдарламасына қатысу, халықаралық академиялық ұтқырлық және бірлескен магистрлік стипендия бағдарламалары бойынша онлайн-вебинар өтеді. Вебинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі бастығы, іс-шараның жетекшісі және спикері- бөлім меңгерушісі Сапаргалиева Баян Оралханқызы, вебинардың екінші спикері Нархоз Университетінің Халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және дамыту бөлімінің бастығы Аманкулова Балжан Нурболатқызы болады. Вебинарда білім беру ұтқырлығына қатысу және Erasmus+ бағдарламасының бірлескен Erasmus Mundus магистр дәрежесін алу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндалады. 
 Вебинарға шақырылады: түлектер, бакалавр студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, университет және халықаралық кеңселердің қызметкерлері. 
 Уақыты: 2020 жыл 15 қазан, сағат 11:00 (Алматы уақытымен) 
 
 
 
 
 
 |