қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.10.2023

Абай университеті профессоры Педагогикалық университеттердің халықаралық фестиваліне қатысты

 

2023 жылдың 3-4 қазанында Ресей Федерациясының Білім министрлігі мен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен ТМД елдерінің педагогикалық университеттерінде орыс тілін оқытудың үздік тәжірибелерінің халықаралық фестивалі өтті. ТМД елдерінің жетекші педагогикалық университеттерінің ректорлары, проректорлары, кафедра меңгерушілері сөз сөйлеген фестивальге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Д. Әбішева қатысты. «Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама көршілес елдердегі әріптестердің қызығушылығын тудырып, көптеген оң пікірлерге ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=