қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.09.2023

Педагогикалық қайта даярлау курс тыңдаушыларына сертификат табысталды


Абай университеті Оқытушылық шеберлік орталығының бастамасымен педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушыларына сертификаттар табыстау ресми рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанаты және сертификаттарды табыстау рәсімі оқу ісі жөніндегі проректор міндетін атқарушы Ақтолқын Құлсариеваның қатысуымен өтті.

 

Педагогикалық қайта даярлау курсының қорытындысы бойынша Аттестаттау комиссиясының шешімімен 42 тыңдаушыға келесі білім беру бағдарламалары бойынша сертификаттар берілді:

1. Математика - 15 адам,

2. Информатика және робототехника - 4 адам,

3. Шет тілі: екі шет тілі - 4 адам,

4. Тарих - 2 адам,

5. АКТ бастауыш білім - 2 адам,

6. Музыкалық білім - 11 адам.

 

Педагогикалық қайта даярлау курсы ағылшын тіліндегі PGCE бағдарламасының қазақстандық аналогы болып табылады. Алты айлық оқу курсын аяқтаған тыңдаушылар еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде мұғалім болып жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Оқытушылық шеберлік орталығы