қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2023

«ROBO TIME-2023» республикалық сайысы

 

2023 жылғы 7 сәуірде Абай университетінде дәстүрлі Ғылым онкүндігі аясында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс өтті. Ұйымдастырушылар - Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және «Abai Robo» робототехника клубы.

 

Іс-шараның мақсаты - білім беруді дамыту, студенттер арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен робототехникаға деген қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру және танымал ету; робототехникалық бұйымдарды жасау арқылы өзекті мәселелерді шешуге жастарды тарту.

 

Сайысқа жоғары оқу орындарының 8 командасы қатысты: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Жұбанов Университеті (бір командадан); Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда); Абай университеті (3 команда).

 

Командалар келесі үш санатта бақ сынасты: «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро» және «Робосумо» санатындағы роботтар жарысы.

 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Абай университеті, 2-ші орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-ші орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді.

 

«ROBO TIME-2023» республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=