қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.04.2020

«Рухани жаңғыру - ұлт болашағының жарқын бағдары» онлайн-конференция өтеді


2020 жылдың 15 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасы «Рухани жаңғыру - ұлт болашағының жарқын бағдары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді.


Конференция төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- Рухани жаңғыру және қазіргі тарих ғылымы;
- «Рухани жаңғыру» идеясы аясында ұлттың мәдени және азаматтық даму әлеуеті;
- Рухани жаңғыру - ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі;
- Туған жер бағдарламасы - жалпыұлттық патриотизмнің қайнар бұлағы.


Материалдар жинағын құрастыру мен жариялауға және ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасына қосу үшін көлемі 6 бетке дейінгі мақалаларды жіберу керек.


Конференцияның жұмыс тілдері:
қазақ, орыс


Мақалаларды тапсыру мерзімі - 2020 ж. 15 -мамырға дейін


Қатысушыларды тіркеу - 09:30, басталуы - 10:00


Ұйымдастыру комитетімен байланыс:

Байланыс тел.: 8(727) 291-03-09, +77013981307 Жусанбаева Гулькыз Мукамановна; +77013981307 Көккөзова Гулнұр Мерекенқызы
e-mail: k-gulnur-m@mail.ru; gulkiz61@mail.ru

 

Ақпараттық хат