Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №178 лицейде дидактикалық материалдар көрмесі өтті
2022 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласының дарынды балаларға арналған №178 лицейінде Дидактикалық материалдарды дайындау көрмесі өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Жаратылыстану және география институтының педагогикалық іс-тәжірибе жетекшілері Гүлжанат Камиева, Ерлан Бірталаев, институт директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Серік Бакиров және 4 курс студенттері.
Көрменің құрметті қонақтары «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Калибекова, профессор Жеңіс Шоқыбаев, профессор Жұмаділ Шілдебаев, доцент Салтанат Абилмажинова, Алматы қаласы «Оқушылар сарайынің» экологиялық-биологиялық бөлімінің қызметкері Индира Куралбаева, №167 орта мектептің мұғалімі Эльмира Ахметова, №172 мектеп-гимназияның мұғалімі Нурбиби Талдыбекова, дарынды балаларға арналған №178 лицейдің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Берік Кутумов, лицейдің директордың орынбасары Гүлнар Байтелиева, лицейдің ұстаздары, оқушылары және институт оқытушылары болды.
Студенттер LED интерактивті тақтадан педагогикалық іс-тәжірибе барысында әр мектепте ұйымдастырған көрмелерінің бейнежазбаларын, сабақ барысындағы қолданған әдістерінің бейнежазбаларын, STEM технология материалдарын және дидактикалық материалдар топтамаларын «Практикант сайты» парақтарынан көрсетті. Бұған қоса 4 курс білім алушылары оқу процессінде пайдалануға болатын әр түрлі заттардан жасаған дидактикалық материалдарын ұсынды. Көрме сайысы жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында 4 курс білім алушылары мен мектеп мұғалімдері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.