Дарынды оқушылардың республикалық форумы
Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасы оқытушылары өзара ынтымақтастық және келісім бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарының нәтижесі ретінде Алматы облысы, Іле ауданының орта мектеп оқушыларын 2022 жылдың 1 қазанында Астана қаласында өткен «Жаңа Қазақстанның үміт артарлары» форумына қатыстырды.
Осы форумда дарынды оқушылар жетістіктері үшін төсбелгімен марапатталып, Астананың көрікті жерлеріне саяхаттап қайтты. «Білім өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының жыл сайынғы ұйымдастыруымен өтетін, ғылыми жоба, эссе жазу, пәндік олимпиада жұмысы осылай қорытындыланды. Жауапты оқытушылар Руслан Сейтқазиев және Дидар Мамырбаев.