
 
|  Main /
Announcements 
05.04.2019 Құрметті әріптестер! 
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты I аймақтық «Almaty tour» гид-экскурсоводтар форумына қатысуға шақырады. 
 Жұмыстың ұйымдастырылу формасы: пленарлық мәжіліс, өзекті мәселелерді талқылау. 
 
 Форумға қатысушылар: туризм саласындағы қызметкерлер, туристік фирма және ұлттық табиғи парк қызметкерлері, гид-экскурсоводтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, зерттеушілер, оқытушылар. 
 
 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би, 30, Абай атындағы ҚазҰПУ, №1 оқу ғимараты. Байланыс телефоны: 8 (727) 291 83 83 - География, экология және туризм кафедрасы. 
 |