
  
Main 
News
04.11.2021 Педагогикалық практика бойынша конференция 
 2021 жылдың 2 қарашасында Жаратылыстану және география институтында Мансапты дамыту бөлімімен институттың барлық педагогикалық мамандықтарының 4-ші курс студенттеріне педагогикалық практика бойынша конференция өткізілді. Іс-шараға Мансапты дамыту бөлімінің мүшелері: Гүлжанат Камиева, Сәуле Джамилова, Нұрсұлу Жүсіпбекова, Солтанбек Қасенов, тәжірибе әдіскерлері мен студенттер қатысты. 
 Конференцияда келесі мәселелер қаралды: 1) Пән; 2) Күнделік толтыру; 3) Ашық сабақтар; 4) Сабаққа қатысу; 5) Портфолио. 
 Институт бойынша практикаға жауапты Гүлжанат Камиева және әдіскерлер тақырып бойынша нақты ақпарат беріп, студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. 
 
  |