
 
|  Main /
Announcements 
15.02.2019 Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары! 
 
 Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім алушылар, қызметкерлер қатыса алады. 
 Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2019 жылдың 14 ақпанынан 31 наурызға дейін 
 Үміткерлердің қатысу шарттары: - француз тілінен емтихан тапсырылғаны туралы куәліктің (DELF B2 / TCF B2) болуы міндетті немесе француз тілінің оқытушысынан француз тілін білу туралы растау; - оқу мерзімі: 9 ай. 
 Бакалавриаттағы үшінші курс студенттері бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Толық ақпаратты берілген сілтемелер арқылы алуыңызға болады: guide for applicants немесе Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайты univ-perp.fr . 
 Сондай-ақ, шәкіртақы, үміткерлерді іріктеу және таңдау шарттары туралы қосымша ақпараттармен қатар, француз және ағылшын тілдеріндегі үміткерлерге арналған нұсқаулық сайттың оң жағында орналасқан. 
 Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 31 наурыз 2019 ж. 
 Қосымша ақпаратты Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінен алуға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 36 92, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет. 
 |