
  
Main /
Announcements
28.11.2018 
 Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар! 
 Конрад Аденауэр Қорының Sur-Place ай сайынғы стипендия грантына конкурстың басталуын жариялауға қуаныштымыз. 
 Жалпы ақпарат Конрад Аденауэр атындағы қоры мерзімі 5 айға берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды. 
 Байқауға кім қатыса алады? Қазақстанның ЖОО-да күндізгі оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс. 
 Конкурстық іріктеу Конрад Аденауэр атындағы Қорының болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: ақпараттық хатта көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу. 
 Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 92-56-30. 
 Қор жөніндегі және айтылып өткен бағдарлама туралы толық ақпаратты https://www.kas.de/web/kasachstan сайтынан табуға болады. 
  |