
 
|  Main /
Announcements 
26.11.2018 «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» тақырыбында өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. 
 Конференцияның мақсаты - Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың үрдістері және келешегіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісу және тәжірибе алмасу. 
 Конференция жұмысының негізгі бағыттары 1. Қазақстан және Орталық Азиядағы туризм инфрақұрылымы:туристік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері. 2. Қазақстан және Орталық Азиядағы этникалық және сакральды туризм. 3. Экологиялық туризм: даму жағдайы және келешегі. 4. Іскерлік және сауықтыру туризмі. 5. Жібек жолы: «шекарасыз туризм» идеясын дамыту. 6. Туристік білімді дамытудың басты бағыттары. 
 Конференцияны өткізу күні: 14-15 наурыз 2019 ж. 
 Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13. 
 
 |