қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.04.2021

Профессор Т.Қ. Оспановтың 80 жылдық мерейтойына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша балалардың I Республикалық байқауы

 

Педагогика және психология институты Кәсіби даярлау бөлімі Бастауыш білім беру бағдарламалары Профессор Оспанов Төлеген Қаражанұлының 80 жылдық мерейтойына байланысты өткізілетін кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша балалардың I Республикалық байқауын өткізді. Байқау қашықтан өткізілді. Ол 2021 жылдың 15 ақпанында жарияланған болатын. Байқау жұмыстары 2021 жылдың 15 наурызына дейін қабылданды. 1 сәуірде байқаудың нәтижесі шығарылып, нәтижелері хабарланып, оқушыларға дипломдар жіберілді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1. Оқушылардың туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өлкетану есептерін құрастыру барысында оқушылардың зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту.
3. Олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
4. Математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
5. Оқушылардың оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.


Байқаудың әділ қазылар алқасы:

1. Акпаева А.Б. - п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастауыш білім беру бағдарламалары (Алматы қ.)

2. Лебедева Л.А. - п. ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастауыш білім беру бағдарламалары (Алматы қ.)

3. Агеева Л.Е. - п.ғ.к., ҚазҚызМемПУ, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымд. профессор міндетін атқарушы (Алматы қ.).

4. Астамбаева Ж.К. - п.ғ.м., 3 курс докторанты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастауыш білім беру бағдарламалары (Алматы қ.)

5. Сатпаева Н.К. - шебер-педагог, №157 ЖББМ тренері, еңбек өтілі 30 жыл, бастауыш сынып мұғалімі (Алматы қ.)

6. Рябова Е.В. - п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастауыш білім беру бағдарламалары (Алматы қ.)

7. Избасарова П.М. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 14 жыл, КММ «Алмалыбақ ОМГ» (Алматы обл., Қарасай ауданы)

8. Кудрявцева Р.А. - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 38 жыл, КММ «Алмалыбақ ОМГ» (Алматы обл., Қарасай ауданы)

9. Вдовцева И.В. - педагог-сарапшы, еңбек өтілі 11 жыл, КММ №15 гимназия (Алматы қ.)

 

Әділ қазылар алқасы белгіленген критерийлер бойынша электронды түрде дауыс берді.

 

Байқау екі топта жүргізілді: 1-2 сынып оқушылары (кіші топ); 3-4 сынып оқушылары (үлкен топ). Байқауға кіші топтан 46 және үлкен топтан 40 жұмыс келіп түсті. Қазақ және орыс мектептерінен келген жұмыстардың саны бірдей.

 

Байқауға төмендегідей сюжетті математикалық есептер қабылданады:

- желісі туған өлкенің тарихи, мәдени, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін бейнелейтін өлкетанушылық материалдар;

- математикалық мазмұны бастауыш сыныптар математикасының мектептік курсы бағдарламасына сай болуы;

- есептің құрылымы мен түрін (есептер жай және құрама, мәтіндік математикалық және логикалық) өз бетімен таңдауға болады.

- түріне қарай есептің шешуі оқушының қалауынша рәсімделеді.

 

Есептерді оқушылардың өздері құрастырулары тиіс. Өлкетанымдық материалдар түрлі анық дереккөздерден алынуы, олардың мұрағаттық материалдардан табуы немесе этнографиялық экспедиция барысында туған өлкесінің тұрғындарының айтқан әңгімелерінен жазылып алынуы тиіс. Байқауға қатысуға берілетін бір өтініштегі оқушы саны екіден аспауы тиіс. Міндетті түрде дереккөздерге сілтеме болуы тиіс. Оқушылардың жетекшісі (мұғалім, студент-практикант, ата-аналар, ағалары мен әпкелері) болуы тиіс.

 

Номинациялар бойынша жұмыстар саны төмендегідей:

 

Номинация

Кіші топ

Үлкен топ

1

Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)»;

7

9

2

Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі

4

5

3

Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері

5

4

4

Менің өлкемнің тарихы

8

12

5

Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі

5

0

6

Менің өлкемнің географиясы

15

7

7

Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары

1

2

8

Аралас тақырыптардағы жұмыс

1

1


Кәсіби даярлау бөлімі Бастауыш білім беру бағдарламалары әділ қазылар алқасы мен балалар жұмысының жетекшілеріне алғыс білдіреді.

 

Үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ сайтына орналастырылады. Сонымен бірге оларды мына сілтеме бойынша көруге болады:

 

Байқауда 1 орын алған қатысушылардың есептер жинағы (Үлкен топ)