
 
|  Main /
Announcements 
08.10.2018 2018-2019 оқу жылына арналған Эразмус+ ұтқырлық стипендиялық бағдарламасы 
 Перпиньян Виа Домитья Университеті (Франция) 
 ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Перпиньян Виа Домитья Университеті Erasmus + стипендиялық бағдарламасына Шет тілі (екі шет тілі); Экономика және әлеуметтік менеджмент; Экономика және басқару; Менеджмент (түрлі салаларда - мамандық бойынша) және т.б. мамандықтар бойынша ниет білдірушілерді қатысуға шақырады. 
 
 Құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 1 қазан - 19 қараша аралығында https://erasmus.univ-perp.fr/fr/ сайтында жүргізіледі. Студенттердің қатысу шарттары: 
 - француз тілінен емтихан тапсыру туралы куәліктің (DELF B2 / TCF B2) болуы қажет; 
 - оқу мерзімі: 2019 жылдың 15 қаңтарынан 31 мамырына дейін. 
 
 Толық ақпаратпен Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.univ-perp.fr/fr/menu/international/venir-etudier-a-l-upvd/en-programme-d-echanges/avec-le-programme-erasmus-mobilite-internationale-de-credits/. 
 
 Сондай-ақ, шәкіртақы, үміткерлерді іріктеу және таңдау шарттары туралы қосымша ақпараттармен қатар, француз және ағылшын тілдеріндегі үміткерлерге арналған нұсқаулық сайттың оң жағында «жауапты тұлғалармен» бірге жазылған. 
 
 Қосымша ақпаратты 8 727 291 36 92 телефон нөміріне байланысу арқылы, 205 кабинет, №1 оқу ғимараты, Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінен алуға болады. 
 |