
 
|  Main 
News 
23.12.2020 І дәрежелі дипломмен марапатталды 
 2020 жылдың желтоқсан айы Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушы құрамы үшін жемісті болды. 
 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім және ғылым-2020» республикалық конференцияға Педагогика және психология институтының аға оқытушылары, PhD доктор Сураншиева Мейрамгуль, Алимбекова Анар және доцент Айтпаева Алмагуль қатысып жеңімпаз атанды. Олар І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
 
 
 |