қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.12.2020

Онлайн кездесуде ауылдарды дамыту мәселесі көтерілді

 


 

«Nur Otan» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Аграрлық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Кездесуге қатысушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған Т.Балықбаев елімізді даму болашағына қатысты мәселелерді көтере отырып, аграрлық секторды дамытуда іске асырылатын маңызды мақсаттар мен бағыттарды атап өтті. Білім беру саласының өкілі ретінде партияның білім мен ғылымды дамытудың барлық бағдарламалары туралы баяндады.

 

Сондай-ақ, партия бағдарламасының басым бағыттары әрқашан Қазақстанның ауылдарында жайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталғаны жайында атап өтті. 2025 жылға қарай 3500-ден астам ауыл жаңғыртылаып, 27 мың шақырым жергілікті жолдары жөнделетіндігі жайындағы жағымды өзгерістер барысымен бөлісе келе Т.Балықбаев бұл жоспарлардың барлығы мемлекеттік және жеке компаниялардың қатысуымен орындалатындығын жеткізді.

 

«Оларды неғұрлым тиімді іске асыру үшін жастар бастамаларын қолдау мақсатында жастар ресурстық орталықтары құрылады. Бүгінде біздің азаматтарымыздың 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып табылады. Ауылдардың әлеуетін арттыру және ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалады. Ауыл шаруашылығын ғылыми әзірлемелермен қамтамасыз ету үшін аграрлық ғылымның нақты мақсатты индикаторлары жасалады. 2025 жылға қарай халықтың 99 пайызы жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізе алатын болады.Кездесу барысында университеттің кафедра меңгерушілері мен құрылымдық бөлім басшылары тарапынан партияның сыбайлас жемқорлық саясаты мен еріктілер қозғалысының жұмысы жөніндегі сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша көптеген маңызды ұсыныстар айтылды. «Nur Otan» партиясы өзекті мәселелер мен ел дамуының мәселелерін шешуге азаматтық белсенділерді белсенді түрде қатыстырады. Өз тарапымыздан еріктілер қозғалысына белсенді қолдау көрсетеміз», деп атап өтті университет ректоры.

 

 

20.12.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz