
  
Main 
News
24.04.2020 4-ші курс студенттерінің педпрактикасының қорытынды онлайн-конференциясы 
 2020 жылы 21 сәуірде Жаратылыстану және география институтының «5В011300-Биология», 5В060700-Биология», «5В011600-География» мамандықтары 4-ші курс студенттерінің педпрактикасының қорытынды онлайн-конференцияcы Zoom бағдарламасымен болып өтті. 
 Онлайн-конференцияға 4 курс студенттері, Жаратылыстану және география институты бойынша педпрактика жетекшісі, аға оқытушы Гүлжанат Қамиева география, экология және туризм кафедрасы кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Бердыгулова, биология кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев, оқытушы-әдіскерлер, педагогтар мен психологтар қатысты. 
 Студенттер өздерінің 2020 жылдың 16 қыркүйек - 20 сәуір аралығындағы педагогикалық практика өту кезеңінің есептерін онлайн-презентациялады. Педагогикалық практикадағы жетістіктері мен проблемалары жайлы айтып, ұстаздық қызметте алған әсерлерімен бөлісті. 
 
 
 
 Жаратылыстану және география институты  |