Main /
Mass media about us
13.01.2020 Сиднейде мурал салып жүр
Жанна Батырқұлова - Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Оқу орнының көркемсурет факультетін бітірген. Қазір Аустралияның астанасы Сидней қаласында тұрады. Бір сөзбен айтқанда, жайлы жер, жақсы жалақы іздеп дүние кезген бүгінгі қазақ жастарының легіндегі көптің бірі.
- Сиднейде Алматыдағы секілді көпқабатты үйлерге еркін түрде мурал салуға рұқсат жоқ. Дегенмен сол байқаудан соң арнайы комиссияның шешіміне орай мен бір қабатты үлкен кеңсенің қабырғасына «Жаз» атты шығармамды салуға келісім алдым, - дейді ол. Алматыда қақаған қыс, Сиднейде нағыз жаз ортасы. Термометр шәкілі +38 градустан төмен түсер емес. Оған Самбера аймағы жағындағы алапат өрттің ыстық лебі ұрып тұрғаны және бар. Соған қарамастан Ж.Батырқұлова күні кеше қабырғадағы шығармасын ойдағыдай жазып бітті.
Ол өзі туып-өскен Алматыда өткен жылы жаз ортасында «MURAL FEST» байқауының басталғанын, биыл оған Франция мен Германиядан, Испаниядан, Португалиядан, Филиппин мен Гонконгтан стрит-арт суретшілердің келетінін біледі. Әрине интернет арқылы хабардар. Арманы - алақанын ысқалап сол байқауға қатысу. Амал нешік - жол алыс, қол қысқа.
- Қала әкімдігі тағы бірнеше авторлық муралымды тиісті нысандарға салуға рұқсат етсе, Алматыма құстай ұшып баратын күн алыс емес, - дейді Сиднейде тұратын қазақ қызы.
Авторы: Талғат Сүйінбай 13.01.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|