қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Байдалиев Дархан Даулетжанұлы

Байдалиев Дархан Даулетжанұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектебінде 1987-1998 жылдар аралығында оқыған.

Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне 1998 жылы түсіп, 2002 жылы тарих және география пәні мамандығы бойынша диплом алған. 2011-2013 жылдары осы университетте құқықтану мамандығы бойынша диплом алған.

2002 - 2011 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.

2009 жылы 29 мамырда Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ - де 13.00.08 - Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярлау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, 2009 жылдың 23 қарашасында педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

 2011- 2021 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде декан орынбасары, Қазақстан тарихы кафедрасының доцент міндетін атқарушы, Психология және педагогика кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2021 жылдан осы уақыт аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Тарих және география пәнінің мұғалімі

2002

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

ізденуші

2009

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Құқықтану

2013

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Педагогика  

2009

  

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: Педагог-психолог жұмысындағы коррекциялық-дамытушы және терапиялық әдістеменің негіздері, Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі, Тәрбие жұмысының технологиялары,  пәндерінен қазақ тілде сабақ беремін.

Магистратурада: Басқару психологиясы, Пәнаралық білім беру технологиялары арқылы заманауи сыныпты модельдеу және т.б.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1.  2012 жылы «ЖОО-да ең үздік мультимедиялық өнім - 2012» атты университет байқауында «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша ІІ орын иегері.

2. 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, «Жас тарихшылар республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Тараз өңірі бойынша төрағасы.

3. 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы бойынша  Қазақ психологиялық қоғамы филиалының директоры.

4. 2017 жылы «ЖОО-дары арасындағы ең үздік мультимедиялық өнім - 2017» атты университетаралық байқауында «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша ІІІ орын

5. 2018 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері

Бір мақала импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - 5 оқу құралы, 1 монография, 2 энциклопедиялық жинағы, 100-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. 

 


← Вернуться назад