қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.01.2023

Біздің практиканттар


Мектепте жұмыс істеу өзін көшбасшы ретінде жүзеге асыруға және коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға, таңдаған мамандығының ерекшеліктері мен қиындықтарын атап өтуге мүмкіндік береді. Ұстаздық мамандық - ең қызықты, жауапты және қиын мамандықтардың бірі. Басқа адамға бір нәрсені үйрету үшін ұстаздың өзі өте білімді болуы керек. Адам жанының айнасы - көз болса, адами қоғамының айнасы - ұстаз. Мектеп тәжірибесінің арқасында практиканттар мектепте жұмыс істеу ерекшеліктері мен дағдыларын өздері анықтай алады. Педагогикалық тәжірибе негізінен бұл мұғалімнің университетті бітірген кезеңінде қандай болатынын анықтайды. Педагогикалық тәжірибе өз негізінде психология, әлеуметтану, педагогика және адамның дамуына жауапты көптеген басқа ғылымдардың күрделі симбиозы болып табылады.


Педагогикалық тәжірибе барысында Әлем тарихы кафедрасының 3-4 курс практиканттары өз мектептерінде сабақ беріп қана қоймай, мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысты. Сүйінбай атындағы №143 мектептің директоры практикант Лаура Басерева мен Айгерім Қабылбаеваға, сондай-ақ осы мектепте педагогикалық тәжірибеден өткен барлық практиканттарға тарихи декаданы ұйымдастырып, өткізілуіне белсене ат салысқандығы мен педагогикалық практика кезінде алған теориялық білімдері мен жоғары практикалық дағдылары үшін алғысын білдірді.


Алғашқы нәтижелер айтарлықтай оң, бірақ алда әлі 3 айдан астам педагогикалық практика бар, сондықтан барлық студенттерге практика бағдарламасын сол сапада және табандылықпен орындауда сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=