қазақша · русский · english
   
15.04.2022

Ғылым онкүндігі-2022 аяқталды

 

2022 жылдың 14 сәуірінде Ғылым онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті. Мерекелік іс-шарада 2022 жылдың 4-14 сәуір аралығында өткен ғылыми іс-шаралардың 10 күндік марафоны аяқталды. Ғылым онкүндігінің жабылуында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректоры Дархан Біләлов құттықтау сөз сөйлеп, ғалымдарды, оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды онкүндіктің табысты аяқталуымен құттықтады, осы уақыт ішінде көрмелер, экскурсиялар, конференциялар, флеш-мобтар, семинарлар, вебинарлар және т. б. қамтылған ауқымды 152 ғылыми іс-шара өткендігін айтып, маңыздылығына тоқталды. Дархан Біләлов Онкүндіктің барлық институттар мен кафедралардың ғылым мен шығармашылықтағы өз жетістіктерін көрсетіп, әріптестерінің жұмысымен танысып, ғылым мен қоғамның заманауи проблемаларына өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беретін өзіндік алаңға айналғанын атап өтті.

 

Дархан Біләлов Ғылым департаментіне Онкүндік іс-шараларын өткізудегі белсенділігі, бастамашылдығы, шығармашылық көзқарасы және осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырып, табысты аяқтағаны үшін ерекше алғыс білдірді.

 

Салтанатты шара барысында көрнекті ғалымдар мен педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. «Ғылымға адалдығы үшін» дипломымен марапатталған ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҰҒА академигі, Ресей мемлекеттік білім академиясының академигі (Мәскеу қ.), педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алма Әбілқасымова; ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Фаузия Оразбаева; ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Косов.

 

Сондай-ақ «Ғылыми жоба және инновацияларды табысты басқарғаны үшін» номинациясында дипломдармен 4 профессор - Е.Ә. Бөрібаев, А.И. Купчишин, С.Б. Даутова, Т.Т. Далаева, Ұ.М. Әбдіғапбарова және 4 жас зерттеуші - Ш. Лайсханов, Ж. Байшемиров, А. Сманова, Ж. Нурмухамедова марапатталды.

 

35 оқытушы университет төсбелгісінің иегерлері атанды.

 

Ғылым онкүндігінің салтанатты жабылуы барлық білім беру институттары студенттерінің атсалысуымен дайындалған концертпен аяқталды.

 

   

 

   




Кері оралу