қазақша · русский · english
   
06.04.2022

ҚР БҒМ «Жас ғалым» жобасы конкурстық құжаттамасы бойынша кеңес берілді

 

2022 жылдың 5 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Ғылым департаменті «Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарына ҚР БҒМ «Жас ғалым» жобасы бойынша докторантурада толық оқу курсын бітірген, бірақ әлі диссертация қорғамаған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға өтінімдерді рәсімдеу және конкурстық құжаттама бойынша кеңес беру» онлайн-семинарын өткізді.

 

Онлайн-семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова және постдокторант Жарасбек Байшеміров қатысты.

 

Университет ректоры Д.Біләлов ҚР БҒМ конкурсына докторанттардың қатысуының артықшылықтары және жас ғалымдарға таңдаған ғылыми тақырып бойынша зерттеулерін жалғастыруға мүмкіндік беретін постдокторантура бағдарламасы туралы айтып берді. Ұ.Әбдіғапбарова ҚР БҒМ өткізетін конкурстың ерекшеліктерін баяндады, Ж.Байшеміров конкурсқа өтінім берудің егжей-тегжейлері мен алгоритмін атап көрсетті. Семинар тыңдаушылары «Жас ғалым» жобасына қатысты мәселелерді талқылауға белсене қатысып, университет басшылығына пайдалы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу