қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бекпатшаев Мұрат Жүсіпәліұлы

Бекпатшаев Мұрат Жүсіпәліұлы

Бекпатшаев Мұрат Жүсіпәліұлы- физика-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымының кандидаты, доцент
Шығыс Қазақстан облысының Аякөз қаласында 1963 жылдың 20 ақпанында туылған. 1970-1980 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы №7 Қ.Спатаев атындағы орта мектебінде оқып, сол мектепті бітіріп шықты.
1979, 1980 жылдары Шымкент қаласында өткен математикалық олимпиадалардың жүлдегері болды. 1978 -1980 жылдар арасында Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің сырттай-математикалық мектебінде оқыды. 1980 жылы С.М. Киров атындағы университетінің механика және қолданбалы математика факультетіне түсті. Аталған университетті «қолданбалы математика» мамандығы бойынша 1985 жылы үздік бітіріп шықты. «Диффузиондық процесстерді оптимальді басқару» атты тақырып бойынша ССРО ҒА СБ-де ( Новосибирск қ.) 1985 жылы дипломдық практикадан өтті.
1985 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің «Есептеу математикасы мен дифференциальдық теңдеулер» кафедрасына жолдама алды.1986 жыл мен 1991 жылы аралығында ССРО ҒА СБ-де ( Красноярск, Новосибирск қ.) стажер-зерттеуші, аспирант қызметтерінде жұмыс істеді. Аспирантураны ойдағыдай бітіріп «Электромагниттік толқындарды компенсациялау есебінің сандық алгоритмдері»атты тақырыбында ССРО ҒА корр- мүшесі, ф.-м.ғ.д., профессор А.М.Федотовтың жетекшілігімен, 01.01.07 - есептеу математикасы мамандығы бойынша диссертациясын қорғады.

Бектапшаев М.Ж. - есептеу математикасы, информатика, математикалық физиканың кері есептері салаларында 60-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
1991 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ физика-математика факультетінде аға оқытушы, доцент, оқу ісі бойынша декан орынбасары, «математикалық білімнің дидактикасы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі қызметерін атқарды. 2006-2007 жылдар аралығында Т. Рысқулов атындағы ҚазЭУ инженерлік-экономика факультетінің деканы кызметінде жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ физика-математика факультетінің деканы қызметінде.
Бекпатшаев М.Ж. «Алгоритмдеу негіздері» оқу құралының, 2004, 2006, 2010 жылдардағы бакалавриат пен магистратураның 5В010900-математика, 5В011100-информатика мамандықтары бойынша білім стандарттарының (ГОСО) қосавторы. Бекпатшаев М.Ж. кредиттік технолгия, СМК бойынша отандық және шетелдік сертификаттардың иегері. Бірнеше рет ҚР Б және Ғ министірлігінің, Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының, Рысқулов атындағы ҚазЭУ ректорының және басқа университет ректорларының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бекпатшаев М.Ж. есептеу математикасы, информатика және білімді ақпараттандыру салаларында ғалым, маман болып келеді. Оның жетекшілігімен жүздеген студенттер мен магистрантар дипломдарын қорғады. Абай атындағы ҚазҰПУ физика-математика сериясы бойынша «Вестник» журналының редколлегия мүшесі. Под руководством Бекпатшаев М.Ж. жетекшілігімен физико-математика факультетінің студенттері математика, информатика пәндері бойынша бірнеше рет халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері болды. Абай атындағы ҚазҰПУ физика-математика факултетіндегі стажы 25 жылдан асады.


← Кері оралу