қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сейтбекова Кәрима Жайсанбекқызы

Сейтбекова Кәрима Жайсанбекқызы

Сейтбекова Кәрима Жайсанбекқызы, 1991 жылы Түркістан облысы,  Жетісай ауданы, Әлкен Оспанов  ауылында дүниеге келген. 

 

2008-2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану факультетінің «5В011200 - Химия» мамандығында білім алды.

 

2012-2014 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, «Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі» кафедрасында аға лаборант қызметін атқарды.

 

2013-2015 жылдары  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жаңа типті қондырылған палладий катализаторын жасаудың тиімді әдістемелерін табу жолдарын оқыту» атты тақырыпта магистрлік диссертация қорғап, «6М011200 - Химия»  мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды.

 

2015-2018 жылдары Қазақстан-Ресей медициналық университеті, медициналық химия-биология кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды.

 

2017-2020 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «6D060600 - Химия»  мамандығы бойынша (PhD) докторантурада білім алды.

 

2018-2020 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «5В011300 - Биология» мамандығы  бойынша білім бакалавры дәрежесін алған.

 

2020 жылдан бастап «Бастапқы әскери  дайындық» кафедрасында PhD., аға оқытушы болып қызмет атқарады.

 

2021 жылы  30 наурыздағы №126 бұйрығы негізінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің диссертациялық Кеңесінің шешімімен «6D060600 - Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PһD)  академиялық дәрежесін алған.

 

2022 жылдың, қазан айынан бастап «Өнер мәдениет және спорт» институты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.

 

2014-2015 жылдар аралығында Түркия, Ниде қаласы, Ниде Университеті, химия бөлімінің ғылыми зертханасында, 2018-2019 жылдар аралығында Сібір Федералды Университеті, Инженерлі физика және радиоэлектроника институтының зертханасында, 2020-2022 жылдар аралығында Түркия мемлекеті, Стамбул қаласы, Йылдыз техникалық университінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті КЕ АҚ, химия кафедрасының «Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу» орталығында х.ғ.д., профессор Матаев Мұхаметқали Мұсағалиұлының басшылығымен  2018-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің ғылыми жобаларының бірі «Мультиферроиктер класындағы жаңа кристалдық жүйелерді жасау және физикалық негіздері» бағытындағы ғылыми жобасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарған.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру ғылыми жобасының  жетекшісі:

1. (2022-2024 жж.) №AP13067888, жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі «Өсімдік метаболиттерінің негізінде жаңа буын дәрілік заттарын жасау».

Осы ғылыми зерттеулер негізінде К.Ж. Сейтбекованың 13 ғылыми жұмысы баспадан шығарылған. Оның ішінде: «Scopus» (Scopus хирша - 1, Q-3, процентиль - 34%, Q-4, процентиль - 21%,) базасына жарияланатын  импакт-факторлы журналға - 2 ғылыми мақала,  Web  of  Science (Q - 4, процентиль - 38%) - базасындағы журналда - 1 ғылыми мақала, БҒСБК ұсынған журналдарда - 4 ғылыми мақала, халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияларда   және  халықаралық симпозиум жинағында  - 6  ғылыми мақаласы жарияланды.

 

БІЛІМІ

 

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

ҚазҰҚызПУ

Химия  бакалавры

2012

ҚазҰҚызПУ

Педагогика ғылымдарының  магистрі

2015

АИӘУ

Биология білім бакалавры

2020

ҚазҰҚызПУ

Философия докторы (PһD)  

2020

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

 

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Педагогика ғылымдарының  магистрі

2015

философия докторы (PһD)  

Философия докторы (PһD)  

2021

 


← Вернутся назад