қазақша · русский · english
   
  Главная / Новости
20.06.2019

QS рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстанның төрт үздік университеттерінің қатарында

 

2019 жылдың маусым айында QS World University Rankings-2020 рейтингі жарияланды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті әлемдегі ең үздік 600 жоғары оқу орындарының қатарына еніп, #561-570 орынға ие болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ республикамыздың жоғары оқу орындарының рейтингіндегі Қазақстанның жетекші төрт жоғары оқу орындарының қатарына енді, ал педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында 1-ші орынды иеленді.

 

QS көптеген жылдар бойы әлемдегі ең үздік университеттердің жаһандық рейтингісін өткізіп келе жатқан барлық елдер мойындаған беделді және ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі болып табылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру саласында маңызды жетістікке қол жеткізіп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасында беделін және танымалдығын арттыруда. Қазіргі таңда университетіміз білім беру мен зерттеу саласындағы танымал инновациялық орталық, мамандықтардың кең спектрі, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, заманауи индустриалды технологиялар, инновациялық бағдарламалар, жетекші шетелдік университеттермен қосдипломды бағдарламалары бар, іргелі ғылымның қарқынды дамуына ие, халықаралық білім және ғылым қоғамдастығына енген заманауи білім беру ұйымы.

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім


 



591

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler